Клуб

«Семей» үшінші жыл қатарынан финалда!

07:16,

17.06.2026

Бөлісу

2025–2026 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің финалында «Семей» мен алматылық «Қайрат» ұжымдары кездеседі. Бұл — «Семей» клубы үшін өзінің үш жылдық тарихындағы қатарынан үшінші финал!
2023 жылы семейлік жанкүйерлер жергілікті футзал клубының құрылғанына ғана қуанып қоймай, зор сенсация жасады: команда «Қайраттың» 20 жылдық үстемдігін тоқтатып, чемпиондық атақты тойлаған болатын.
Араға жыл салып, алматылықтардың басты әрі азулы қарсыласына айналған «Семей» тағы да ақтық мәреге шығып, тартысты өткен финалда есе жіберген еді.
Міне, үшінші маусым қатарынан басты текетірес қайталануда — «Семей» мен «Қайрат» тағы да финалда жолықты. «Семей» дебюттік маусымның сценарийін қайталап, чемпиондық тақты қайтарып ала ала ма, әлде өткен жылғы сәтсіздік қайталана ма?
Бұл сұрақтың жауабын 19-20 маусым күндері сағат 20:00-де «Абай Аренада» өтетін матчтардан тамашалай аласыздар.
Жеңіске бірге жету үшін командамызды қолдауға келіңіздер! Алға, Семей!

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес