Биіктігі

173 см

Салмағы

68 кг

Нардиньо

Клубтық мансабы

Нардиньо — Бразилияның Сеара штатындағы футзал мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын Бразилияда бастап, «Sumov» және «Horizonte» клубтарында өнер көрсетті.

Кейін «Atlântico», «Campo Mourão» командаларында, сондай-ақ Португалияның «Belenenses», «Burinhosa» және «Portimonense» клубтарында ойнады. Бразилияға оралғаннан кейін «Ceará» командасының намысын қорғады.

2024 жылы Нардиньо «Fortaleza» клубының ойыншысы атанды. Алғашқы маусымында барлық турнирлерде 23 гол соғып, командасына Бразилия футзалындағы алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алуға көмектесті. «Apodi» командасына қарсы финалдық кездесуде қосымша уақытта шешуші голды дәл Нардиньо соқты. Маусым қорытындысы бойынша ол Сеара штаты чемпионатының үздік ойыншысы атанды.

2025 жылы Нардиньо «Atlético-PI» клубына ауысты. Маусым барысында 25 матч өткізіп, 11 гол соқты. Командасымен бірге Бразилия және Пиауи штатының чемпионы атанды. Бразилия чемпионатының 2025 жылғы қорытындысы бойынша Нардиньо турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.

2026 жылдың тамыз айында бразилиялық ойыншы мансабын Қазақстанда жалғастырып, «Семей» футзал клубының құрамына қосылды.

Жетістіктері

Клубтық:

  • Бразилия чемпионы — 2024, 2025
  • Сеара штатының чемпионы — 2024
  • Пиауи штатының чемпионы — 2025
  • Солтүстік-Шығыс Кубогының иегері — 2024

Жеке жетістіктері:

  • Сеара штаты чемпионатының үздік ойыншысы — 2024
  • Бразилия чемпионатының үздік сол қанат ойыншысы — 2024
  • Бразилия чемпионатының үздік ойыншысы — 2025

«Семей»

2026/27 маусымында Нардиньо «Семей» футзал клубының сапында өнер көрсетеді. Осылайша бразилиялық ойыншы мансабын Бразилиядан тыс жерде жалғастырып, Қазақстан чемпионатында алғаш рет бақ сынайды.

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес